Тараз тұрғыны көлігін құтқарам деп, өзі өртеніп кете жаздады
Жүріп келе жатқан көлік кенет жана бастаған. Жүргізуші өртті ауыздықтауға тырысқанымен, жалын көліктегі газ баллонына жетіп үлгерген
Фото:
Открытые источники
Құдай сақтағанда көлікте жолаушы болмаған, ал тілсіз жаумен жалғыз алысқан ақсақалдың денесі қатты күйіп қалыпты. Қазір ол ауруханада жатыр. Куәгерлердің айтуынша, от машинаның алдыңғы бөлігінен тұтанған. Аудидің тез жанғаны сонша, оның маңына ешкім жақындай алмапты. Сөйтіп, өрт сөндірушілер келгенше, көліктің түгі қалған жоқ. Ал мамандар күннің ыстығынан ескі көліктердің жану оқиғасы жиілегенін айтады.
Следующая →
Тақырыптар:
ЧП в Таразе