Саентологиялық бірлестік жетекшілері ірі алаяқтық әрекетке күдікті деп танылды
Алматыда «саентология шіркеуіне» қарасты «Алматы қаласының өзін-өзі жетілдіру орталығы» алаяқтық мәселесі бойынша тексеріс басталып кетті, - деп хабарлады қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі
Сотқа дейінгі тексеріске аталған ұйымның бұрынғы мүшелерінің шағымдары негіз болған. Онда ұйымдағылар келушілерге ақылы әрі қымбат, сондай-ақ нәтижесіз қызмет көрсеткен, – делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
ІІД ақпараты бойынша, 13 маусымда ұйым кеңсесінде «тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде заттай айғақтар табылған». «Саентология шіркеуі» 2012 жылы Қазақстанда қайта тіркеуден өте алмаған. Сондықтан соған сәйкес діни бірлестік атағынан айырылған.