Қаламыздың солжағалау полиция бөлімі алаяқты құрықтады
Наурыз айының басында ЖМК ауданындағы дүкендердің біріне ер азамат бақылау камераларын орнатамын деп ақшаны қолды қылды
Фото:
rigma.info
Наурыз айының басында ЖМК ауданындағы дүкендердің біріне ер азамат бақылау камераларын орнатамын деп ақшасын алып, іс-түссіз кетті.
Кәсіпкерді 75 мың теңгеге алдап, табанын жалтыратқан ер адам тығылып жүрді. Тәртіп сақшылары алаяқты бір ай уақыт өткеннен кейін құрықтады. Енді 27 жасар Шемонайха ауданының тұрғыны алаяқтығы үшін істі болуы мүмкін.
Тақырыптар:
Мошенники в Усть-Каменогорске