Түркия Еуропалықтармен визалық режимді тоқтатады
Еуропалықтармен визалық режимді тоқтату туралы қаулы Түркияға Шенгендік аймағының визасыз қозғалысы енгізілген кезде өз күшіне енеді
Фото:
e-news.su
Түркия елінің үкіметі Еуроодақтықтың құрамына кіретін елдердің азаматтарына берілген визасыз режимін алып тастамақ. Түрік министрлігі кабинетінің мұндай қаулысын Resmi Gazete басылымы жариялады.
Еуропалықтармен визалық режимді тоқтату туралы қаулы Түркияға Шенгендік аймағының визасыз қозғалысы енгізілген кезде өз күшіне енеді.
Сейсенбі күні белгілі болғанда Еуропалық комиссия 4 мамырдан бастап түріктерге Шенгенге визасыз бару құқығын береді.
Мигранттарға қатысты келісім бойынша, Брюссель мен Анкара арасында наурыз айында жасалған келісімшарт бойынша, түріктер Еуроодақтың визасыз режимі бойынша 72 талапты орындауы керек. Алайда Түркия Республикасы олартың тек жартысын жүзеге асырып отыр.