Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қарағандылық маскүнем көршісінің 9 жасар баласын өлтірді

Қарағанды облысында 53 жастағы азамат көршісінің қаршадай ұлын буындырып өлтірді

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Карагандинской области пьяный сосед задушил 9-летнего ребенка
Фото:
Открытые источники
Еш жерде жұмыс істемейтін, ішімдікке салынған Виталий Иванчиктің үйінен 9 жасар Владимир Хамидуллиннің денесі бүгін таңертең табылған. Кешеден бері ізім-ғайым жоғалған баланы іздеп келген полицейлерге күдікті кәдімгідей қарсылық көрсетіпті, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

Оқиға Шахан кентінде болған. 2-ші сыныпта оқитын Владимир Хамидуллин кеше кешкілік ұшты-күйлі жоғалған. Түсте үйден шыққан ұлды әке-шешесі қас қарайғанда ғана көршілерімен қосылып шарқ ұрып іздегенімен таппай қалды.

Зарина Асадоллаева, көршісі:

-Аяқ жетер жердің барлығын қарадық. Полицейлер де түнімен жұмыс істеді. Тек таңертең баланың өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Жеткіншектің денесі пәтерден гөрі қоқыс полигонына қатты ұқсайтын мына пәтерден таңертең табылған. Буындырып өлтірілген бала мына балконда жатқан екен.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Ұстау барысында күдікті полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Бүгін ол қылмысты жасағандығын мойындау көрсетпелерін берді. Пәтерінде жалғыз тұрған. Оқиға болған күні мас болған.

53 жастағы азамат полицеймен төбелескені үшін сотталып, осыдан бірнеше жыл бұрын босап шығыпты. Содан бері арақты жатып ішкен екен. Есіктен төріне дейін қоқыс пен нәжіске толы баспана жын-ойнақтың ордасына айналғаны көрініп тұр. Қанды оқиғадан кейін қазір көрші-қолаң да шошып қалған.

Баян Ыдырысова, көршісі:

-Есіміз шықты. Өзіміздің балаларымыз бар кішкентай. Қалай енді, мектепке баратын, кейде үйде жалғыз қалатын да кездері болған. Қорқынышты енді. Бір подьезде тұрып, 7 жыл болды тұрғанымызға. Ондай болады деп ойламаппын.

Тергеушілер енді жеткіншетің көрші пәтерге қалай тап болғаны анықтауы тиіс. Себебі достары Володяның күдіктіні өзі айналсоқтап жүретінін айтқан. Сондықтан, қараусыз жүрген бала пәтерге өзі келді деген де болжам бар. Ал

үлкен екі баланы интернатқа өткізіп, үйдегі кішкене екі ұлдың тәрбиесіне жауапты болған ата анадан қазір тергеушілер түсінік алып жатыр.
Следующая →