БҚО тұрғыны 300 теңге үшін көршісін өлтірді
Алкогольді ішімдікке сылқия тойыған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 300 теңге үшін өз көршісін мерт қылған
Фото:
izvestia.nikolaev.ua
Оқиға орын алар күні 34 жастағы Иван Цымбал есімді ер адам күні бойы ішімдік ішкен. Кешкісін «шайтан суы» таусылған азамат, ішімдік алуға ақша іздеп, Теректі ауданы Покатиловка кентіне шыққан деп хабарлайды "Nur.kz сайты" хабарлайды.
Бірінші кезекте ол өзінің көршісіне жол тартқан. Есігі жабық үйдің терезесін сындырып, ішке кірген. Қараңғы бөлмеге кіре сала Цымбал төсекте жатқан көршісін көреді.
Көршісінен қарызға 300 теңге сұраған ішімдікке есі кеткен азамат «жоқ» деген жауапты естіген соң, шарасыз жатқан көршісін қылқындырып өлтірген. Оқиға орнынан ізін суытпақ болған Цымбал кетер алдында екі шөлмекті жымқырған.
Таңертеңгісін өліп жатқан әкесін ұлы байқап, бірден полицияға хабар берген.
Ауданаралық сот өкілдерінің шешімімен Иван Цымбалды 17 жылға бас бостандығынан айырды. Өз айыбын азамат толығымен мойындады.