Кеше ШҚО құтқарушылары 25 жасар жігітті құтқарып қалды
Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы қызметкерлері Үлбі өзенінің ортасында қалған жігітке көмектесті
Фото:
foto-zverey.ru
Куәгерлер Үлбі өзенінің ортасындағы аралшықта көмек шақырып тұрған жігітті байқап, тиісті орындарға хабар берген.
- Оқиға орнына шұғыл «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» арнайы бөлімінің қызметкерлері, «Жедел-жәрдем» дәрігерлері, полиция қызметкерлері мен ШӨАЖҚЖ сүңгуір-мамандары жетті, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Ол адам жағалаудан 50 метр қашықтықта қалып қалған, құтқарушылар қайықпен жеткен.
Қалай ондай жағдайға тап болғаны туралы сұраққа ол достарымен ренжісіп, олардың көпірден лақтырып жібергенін жеткізген. Аталмыш оқиғаға қатысты жағдайды құқық қоғаушылар анықтауда.
Тақырыптар:
Спасатели ВКО