Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Бүгін таңғы сағат жетіде Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады. Оның салдарынан 20 адам жапа шегіп, 14 жолаушы қаза болды

Алматы облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін, таңертеңгі сағат 10-да Нұр Сұлтан қаласында төтенше жағдайлар комитеті, Денсаулық сақтау министрлігі және Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен жедел брифинг өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және болған оқиғаға жауаптылардың бәрі жазаланатынына уәде берді.
- Бүгін, 27 желтоқсанда Алматы маңында ұшақ құлаған кезде қайтыс болған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Жапа шеккендерге көмектер көрсетіледі. Асқар Маминнің басшылығымен үкіметтік комиссия құрылды. Барлық кінәлілер заң бойынша қатаң жазаланады, - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Оқиға орнында жол-патрульдік полициясының экипаждары мен ондаған жедел жәрдем жұмыс істеуде. Зардап шеккендердің көпшілігі төртінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Мәліметтерге сәйкес, сегіз бала жедел медициналық көмек көрсету орталығына, ал бес адам ЖҚКА жеткізілді. 17 науқастың жағдайы өте ауыр.





Следующая →