Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жаңа туған сәбилер перзентханадан шыққанда, жаңа жылдық сыйлықтай көрінеді

Шығыс Қазақстан облысының перзентханаларында ерекше акция басталды - балалар мерекелік «конвертте» шығарылды

Жаңа туған сәби – ата-ана үшін онсызда үлкен сыйлық. Жаңа жыл қарсаңында, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханалары мен перинаталды орталықтарының перзентханаларында шақалақтарды мерекелік әдемі киімдермен шығаруды ойлап тапқан, дейді LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан ақпарат орталығы хабарланғандай, медициналық ұйымдардың ұжымдары балаларды шығаруға арналған жаңа жылдық тақырыптары бар жинақтарды дайындады.
Нәрестелер перзентханадан күміс қар және ақ бұғысы бар қызыл жамылғылармен шығарылады. Сонымен қатар, жиынтықта аяз атаның етігі мен қалпақшалары бар. Ал ата-аналар болса бұндай сыйлық берген орталыққа дән риза.
- Біз бұл сыйлықты ерекше құрметпен сақтап қоямыз. Себебі, бұл конвертте Жаңа жылға арналған басты сыйлығымызды алдық. Бұл акцияның ғұмыры ұзақ болады дегенге сенемін. Осыдан біз дәрігерлер де біздің қуанышымызға ортақ болып, өз жұмыстарына сүйіспеншілікпен қарайтынын аңғаруға болады, - дейді жас ана Жансая Наймашева.
Бөбектерге бұндай сыйлықтар Жаңа жыл мейрамы аяқталғанша сыйланатын болады.
Следующая →