Шығыс Қазақстанға арналған e-gov-тың жаңартылған нұсқасы шықты
Енді мемлекеттік қызметті онлайн тұрғыда алу, шығысқазақстандықтар үшін әлдеқайда ыңғайлы болды
Халыққа қызмет көрсету сапасын өсіру үшін Орталықтың жаңа нұсқасы екі күн бұрын арнайы қосылды.
- Орталықты ақпараттармен толтырып, қызметтік мүмкіндіктерін арттырдық. Оның сыртқы пішінің жаңартылды, - дейді "Rating" ЖШС компаниясының қызметкері Иван Новохатский. - Басты бетте мемлекеттік қызметтер тізімі көрсетілген. Қызметтер салаларға бөлінген. Қызметті таңдағанда, оны алу жолдарын, стандарттарын және оны көрсету регламенттерін біле аламыз. Ақпараттар адамдарға барынша түсінікті.
Мысалы, «Білім» бөлімінен балалардың балабақшаларға орналасу ретін білуге болады. «Денсаулық» бөлімінде медициналық қызметке лицензияны қалай алуға болатынын және оны онлайн беру жолын білуге болады.
Барлық мемлекеттік қызметтермен e-vko.gov.kz сайтында танысып шығуға болады.
Следующая →
Тақырыптар:
Государственная корпорация "Правительство для граждан" Электронное правительство в Казахстане