Өскеменде адам өмірін қиған ЖКО-ның куәгерлері іздестірілуде
11 ақпанда Сограда маршрутты автобустың 55 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткенін көрген куәгерлер іздестірілуде
Фото:
avtonews-portal.ru
Естеріңізге сала кетсек, 16 сағат 10 минутта Вешний тұйық көшесінен Согринская көшесіне қарай бет алған Dongfeng Yutong шағын автобусының жүргізушісі «Новостройка» аялдамасының маңында 55 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен ер азамат алған соққыдан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қандай да бір ақпарат білетін оқиға куәгерлерін мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуын сұрайды: 77-70-81, 77-60-05, 77-46-76.
Қажет ақпаратты берген адамға ШҚО ІІД ақшалай сыйақы мен атының жария етілмеуіне кепіл береді.