Көлік астына түсіп, қаза болды
Семейде жеңіл көлік жүргізушісі 67 жасар әйелді қағып кетті. Әйел сол жерде жан тапсырды
Фото:
glavny.tv
21-ақпан күні Қабылбаев – Оборонная көшелерінің қиылысында Mercedes көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Әйел жаяу жүргінші жолағымен емес, тротуармен келе жатқан, деп хабарлайды ШҚО ІІД Әкімшілік полициясында.
32 жасар көлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, зейнет жасындағы әйелді қағып кеткен. Түрлі жарақат алған әйел ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
Аталмыш жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары басталды.