Өз әкесінің көлігін ұрлап кеткен өскемендік
Ішімдікке сылқия тойып алған 34 жасар ұлы әкесінің көлігін айдап кеткенімен, алысқа ұзай қоймаған
Фото:
gazeta.ru
21-ақпан күні таңғы сағат төрттер шамасында полицей назарына Менделеев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан өтіп бара жатқан Mercedes Benz автокөлігі іліккен, деп хабарлайды ustinka.kz тілшісі ШҚО ІІД Әкімшілік полияция басқармасына сілтеме жасап.
Құқық қорғау қызметкерлері күмән тудырған көлікті тоқтатқан бойда жүргізушісінің мас екенін анықталған. Сонымен қатар, ол тізгіндеген көліктің иесі болмай шыққан. Оны өз әкесінен ұрлап кеткен көрінеді.
- Сараптама нәтижесі көрсеткендей, орта деңгейдегі мастану күйінде көлікті тізгіндеген азамат әкесінің көлігін полицей қызметкерлері тоқтатпастан жарты сағат бұрын айдап кеткен, - деп хабарлады ШҚО ІІД ӘПБ. – Болған жағдай бірден ата-анасына хабарланды.
34 жасар азамат автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал 20-ақпанда осындай тағы бір оқиға тіркелген болатын. Яғни, Lada Granta автокөлігін тізгіндеген 31 жасар азаматты тоқтату кезінде полицей қызметкерлері оның 2014 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құжатынан айырылғанын анықтаған. Заң бұзушы әкімшілік жауапқа тартылды.