Бір тәулік ішінде екі көлік өртке оранды
Өскеменде екі көлік өртке оранып, енді бірі Зырян қаласында зақымданды
Фото:
letnews.ru
Бүгін таңертең Өскемен қаласының орталығындағы Қазақстан көшесінде орналасқан «Қазақтелеком» кеңсесінің маңында «ВАЗ-2102» автокөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ustinka.kz тілшісі. Куәгерлердің сөзінше, жүргізуші көліктен ақауды сезе сала жол жиегіне тоқтаған. Сол сәтте автокөлік жана бастаған көрінеді. Жүргізуші өткіншілермен бірге өртті сөндірмек болғанымен, оны тек өрт сөндірушілер келіп ауыздықтаған. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Енді бір оқыс оқиға Өскемен – Зырян тасжолында 31-қаңтар күні кешкісін орын алған. Жол үстінде Kia Sportage автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі жана бастаған. Жүргізуші өз күшімен өртті сөндіріп үлгерген.
Ал 29-қаңтар күні Өтепов көшесінде тұрақта тұрған «ВАЗ-2111» автокөлігінен өрт шыққан. Мамандардың айтуынша, өртке қаупі жоғары автокөлікке немқұрайлы қарау себеп болуы мүмкін.