Қостанайлық полицейлер неліктен оқ атты?
Қостанайда мас жүргізуші басқарған көлікті тоқтату мақсатында полицей қызметкерлері табельдік қарудан оқ жаудыруға мәжбүр болған
Фото:
progorod43.ru
32 жасар «Daewoo Nexia» автокөлігінің иесі полицей қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қозғалыс жылдамдығын одан сайын үдете түскен.
«Полицейлердің тоқтату белгісін елемей, жол жиегіне тоқтау бұйрығын орындамаған. Сол себепті дөңгелекке оқ атуға тура келді. Жүргізуші Қостанай-Мамлютка бағытындағы тас жолы бойында ұсталды», - деп хабарлайды, баспасөз қызметі.
Жүргізуші дереу медициналық сараптамаға жіберіліп, оның алкогольдік ішімдік ішкендігі анықталды.
Автомобиль жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
Автомобиль айыппұл тұрағына қойылды.