Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
NUR.KZ

Шенеуніктің кесірінен 18 жасар баласынан айрылған ана президенттен көмек сұрады

Тараз тұрғыны Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалалық әкімдік қызметкері мінген көлік ұлын қағып кеткенін айтып бейнеүндеу жолдады

Происшествия в Казахстане и мире / ДТП / Госслужащий насмерть сбил 18-летнего, мать погибшего обратилась к Президенту
Фото:
Устинка LIVE

Әйелдің айтуынша, 23 қарашада оның 18 жастағы ұлын мемлекеттік қызметкер мінген көлік қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жігіт қаза тауып, оны қағып кеткен BMW жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қала тұрғыны адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі әлі күнге дейін бостандықта жүргеніне шағымданып, оның әділ жазалануын талап етуде, деп хабарлайды nur.kz сайты.

- Президент мырза, құрметті Қазақстан халқы, сізден кінәлі адамның өз жазасын алып, істің жабылмауы үшін тиісті шаралар қабылдауға ықпал етуіңізді сұраймын, - деді Гауһар Қапарбекова.

Жамбыл облысының полиция департаменті жол апатын жасады деген күдікпен 28 жастағы жүргізуші ұсталғанын хабарлады. ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша: абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Следующая →