Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс тұрғынынан қару-жарақтар жиынтығын тауып алды

Тәртіп сақшыларының арнайы операциясы кезінде Ұлан ауданының тұрғынынан қару-жарақтар мен оқ-дәрілер тәркіленді, енді оның жазасы ауыр болмақ

Происшествия в Казахстане и мире / Арсенал разнообразного оружия нашли у сельчанин в ВКО
Фото:
ДП ВКО

Аймақтың полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз қару сақтады деген күдікке ілінген Ұлан ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тінту жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Күдік пен айыптауды табылған дәлелдемелер қуаттады. Тәртіп сақшылары арнайы операция жүргізіп, бірден төрт атыс қаруы мен оларға арналған оқ-дәрілер тапты. Оның ішінде 16-калибрлі қос ауызды тегіс ұңғылы мылтықты кесіп қолдан жасалған шолақ мылтық және бесінші калибрлі ТОЗ винтовкасы бар. 54 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының үшінші бөлігі

- Атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң айыпталушыға 5000 АЕК (14 585 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына салуды, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады, - деді Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Тәртіп сақшылары күдіктінің мән-жайы мен қарудлы сақтау мақсатын анықтаумен айналысуда.

Следующая →