ШҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен
Жол-көлік оқиғасы сәуір айында облыстың Көкпекті ауданындағы тас жолдардың бірінде болған
Жол-көлік оқиғасы Көкпекті-Васильев өткелі трассасында шамамен сағат 20.00-де болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- 35 жастағы автокөлік жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, бірден оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды ШҚО ДП баспасөз қызметі. - Көлік қағып кеткен 20 жастағы адам аудандық орталық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.Полиция басқаррасының хабарлауынша, көлік жүргізушісі табылған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Оқиға бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлік құралдарын мас күйінде басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы" бойынша және 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша тергеу жүргізілуде.