Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ВАЗ көлігімен жиекке соғылған Семей тұрғыны оқиға орнынан қашып кеткен, қаза болғандар бар

Жол-көлік апаты 3 қараша күні таң алакеуімде шеңберлі тасжолдың Тәңірбергенов-Халықтық көшелерінің жолайрығында болды

ШҚО ПД берген ақпаратқа сәйкес, 29 жастағы ВАЗ 21114 автокөлігінің иесі жаңа көпірге кетіп бара жатқан жолда рөлге ие бола алмай, темір қоршауға барып соғылған. Алған жарақаттарынан 41 жастағы автомобиль жолаушысы қайтыс болды. Қайғылы жағдайдың орын алуына не себеп болғаны әзірге беймәлім. Дәл сол уақытта көктайғақ, қолайсыз ауа райы, тіпті ерсілі-қарсылы ағылған өте көп көлік те болмаған.

Жол-көлік апатынан соң жүргізуші ізін суытқан. Алайда тәртіп сақшылары оны Бобровка саяжайларының бірінен тапқан. Кінәлі қазір уақытша қамау изоляторында. ҚР ҚК 345-ші және 347-ші баптарының 3-бөлімі  бойынша 29 жасар Семей тұрғыны сотқа дейінгі тергеу амалдарын күтіп отыр.
Следующая →