ШҚО тұрғыны 32 жылқы ұрлаған
Семей қаласының полиция басқармасына жылқымды ұрлады деген шағыммен шаруа қожалығының басшысы көмек сұрай барған
Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіп иесі ұрланған 15 жылқысын 3 миллион теңгеге бағалаған.
Қылмыскер уақытша тергеу изоляторында. Сондай-ақ оның жымқырған малдарын сатып алушы адам бар екені де анықталды. 52 жастағы Семей тұрғыны 12 бас жылқыны сатып алып, тағы 11-ін саудалап жіберген.
Следующая →
- ҚР ҚК 2-бөлім 188-бап бойынша қылмыс фактісі тіркеліп, жедел іздестіру жұмыстары басталды,- делінген ШҚО ПД баспасөз бөлімінде.Жергілікті инспекторлармен тізе қосып, жақын маңайдағы аумақтың бәрін шолып, куәгерлерден пікір алған тәртіп сақшылары ұрлықшының ізіне түскен. Ақыры 47 жастағы күдіктіні тауып, қылмысын әшкереледі. Семей өңірінің ттұрғыны ұрлығын мойындады. Бұл оның бірінші әрекеті емес екені, мал ұрлығымен өткен жылдың соңынан бастап айналысып келе жатқаны мәлім болды. Осы төңіректегі шаруа қожалықтарынан күні бүгінге дейін 32 жылқы қолды қылған.
Қылмыскер уақытша тергеу изоляторында. Сондай-ақ оның жымқырған малдарын сатып алушы адам бар екені де анықталды. 52 жастағы Семей тұрғыны 12 бас жылқыны сатып алып, тағы 11-ін саудалап жіберген.