Өскемен-Семей тас жолында екі көлік соқтығысты
Бір адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы 9 наурыз күні орын алды
Көліктер кешкі сағат 17.00 шамасында Өскеменнен 85 шақырым жерде соқтығысқан. Тойота Королла көлігін тізгіндеген 31 жастағы жүргузші Семейден Өскеменге келе жатқан. Қас қағым сәтте көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы беттегі Ленд Крузерге соғылады.
Апат салдыранан Тойота Королла жүргузішісі жарақат алған. Ұлан аудандық ауруханасының дәрігерлері қажет көмекті көрсетті.
- Осы фактіге қатысты ҚР ӘҚК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Следующая →