Өскеменде екі автобус соғылып қалды
Жол-көлік апаты кеше күндіз "Әуезов" аялдамасында орын алды
20 ақпан күні Әуезов даңғылында екі қоғамдық автобус бір-біріне соғылып қалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша қақтығыс кезінде "сегізінші" қоғамдық көліктің терезесінің шынысы сынып, салонға шашылған, ал 55-ші автобустың артқы терезесі сынған.
Апатты жағдайдан жолаушылар зардап шеккен жоқ, тек қатты соғылған кезде соққыны сезген. Соған қарамастан, тәртіп сақшыларынан басқа, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келді. Өскемен Полиция басқармасының хабарлауынша №8 маршруттың 53 жастағы жүргізушісі №55 автобусты басып озбақшы болған, соның салдарынан апат болған.
Следующая →

- № 55 автобустың кондукторы жедел жәрдемге жүгінді, бірақ тексеруден соң үйіне жіберілді, - деп хабарлады департаменттен. - № 8 маршруттың жүргізушісіне қатысты 610-баптың 1-бөлігі "Көлік жүргізушілері көлік құралдарына, тауарларға, жолдарға және басқа құрылыстарға немесе материалдық шығынға әкеп соқтырған басқа да мүліктерге шығын келтіру".