Өскемен көшелерінде елікті қағып кетті
Қаладағы жабайы жануар, өкінішке орай, жол-көлік оқиғасының қатысушысы болды
Бұл туралы Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Дәур Ибраев Instagram аккаунтында жазба қалдырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оқиға орын алғанға дейін елік облыс орталығының көшелерінде жүгіріп жүрген, елік бейсенбі күні Космический көшесінде, ал жұма күні Металлургтер мәдениет үйінің ауданында байқалған болатын.
- Автокөлікпен кетіп бара жатқанда Металлургтер мәдениет үйінің ауданында жануарды көрдім, ал кешке сағат сегізде үйге жаяу қайтып бара жатқанда "Восток" стадионына кіретін орталық кіре берісте оны қағып кеткенін көрдім, - деп әңгімелейді оқиға куәгері Наталья. – Оқиға орынында полиция қызметкерлері, елікті қағып кеткен көлік пен қала тұрғындары болды. Біз қырық минут бойы полицейлер оны қайда апаратынын анықтауға тырысқанының куәгері болдық. Елік орынынан тұруға тырысты, бірақ патруль оны ұстап қалды. Полиция қызметкерлері өте баяу қимылдады. Олар елікті құтқара амайды деп қорқамын.
Натальяның айтуынша, ол ЖКО орнынан "Адал жүрек" қоғамына қоңырау шалған, бірақ онда оған екі күн жануарды аулау мәселесін шешуге тырысқандықтарын, бірақ мұны істей алмайтындықтарын пайымдаған, қалалық қызметтердің ешқайсысы көмектесе алмаған.
Жануарды "Восток"стадионының жанында қағып кетті. Жол-көлік оқиғасына келген патрульдік полиция экипажы қалалық ветауруханалардың біріне елікті алып кетті. Өскеменнің бір тобы, атап айтқанда "ОСА-Өскемен" жануарға көмектесуге шешім қабылдады. Бірлестік мүшелері қымбат емнің ақысын төледі. Елікке ота жасалды, себебі апаттан кейін жануардың бауыры қатты зақымдалды.
Следующая →