Семейде көлік толық жанып кетті
Оқыс оқиға кеше кешкі сағат 20.00 шамасында орын алған
Тұрлыханов көшесіндегі "Народная" аялдамасы маңынан өтіп бара жатқан көлік жана бастаған.
Lada 2110 маркалы көлігінен жүріп бара жатқан уақытта өрт шықты. 23 жастағы жүргізушісінің өзі зардап шеккен жоқ.
Әзірге өрттің аяқ асты шығуынга не себеп болғаны белгісіз. Семей қалалық ТЖБ мамандары көліктің 2007 жылғы екенін айтады. Оның құрылғылар панелінен өрт шығып, көлік түгелдей жанып кетті.
- Қазіргі уақытта қаупі жоғары агрегатты қолдануда абайсыздық таныту нұсқасы қарастырылуда, - деп қосты мекемедегілер. - Зардап шеккендер жоқ.
Следующая →