Семейліктерді "бомба" туралы ақпарат дүр сілкіндірді
Бір күнде 102 арнасына белгісіз адам төрт рет қоңырау шалып, "бомба" барын хабарлаған
Хабараманы ала сала барлық нысандарды саперлер тексеріп шыққан.
Ақырында жарылғыш заттар туралы ақпараттар жалған болып шыққан.
- Адам өміріне қауіп төндірер заттар табылған жоқ, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Жарылғыш затты іздеумен бірге, осы жалған ақпаратты хабарлаған адамды да анықтау жұмыстары қатар жүрді. Қазіргі уақытта күдікті азамат анықталып, қолға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, террорлық актілер жайлы жалған ақпарат таратқан адам заң алдында жауапқа тартылады.