Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Көлікті айдап кетіп, автобусқа соғылды

Автобус пен жеңіл көлік 5 тамыз күні Тоғас көшесінде соқтығысқан

Полиция басқармасы хабарлағандай, жол апатына "ВАЗ-21063" маркалы жеңіл көлік жүргізушісі кінәлі. Тіпті, ол бұл көлікті қалалық ТҚКС-тердің бірінен айдап әкеткен.

- 30 жастағы азамат көлікті Су арнасы ауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінен ұрлап кеткен. Бірақ артынша № 71 бағыттағы автобусқа соғылып қалған, - деп хабарлайды Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Апат кезінде автобуста 50 жолаушы болған. Соның ішінде 56 жастағы әйел жарақат алған.

- ВАЗ жүргізушісі де түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды мекеме.

Қазір көлік ұрлаған азаматқа қатысты ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 1000 АЕК айыппұл төлейді немесе түзету жұмыстарына тартылады не 2 жылға бас бостандығынан айырылады.



Следующая →