Өскемендік жүргізуші LADA Granta көлігіне жол бермей қойған
Жол апатының кесірінен төрт адам дәрігерге жүгінген
Көліктер Гагарин бульвары мен Грузинский көшелерінің қиылысында соғылып қалған. Huyndai Accent көлігінің жүргізушісі Карбышев көшесіне бұрылғалы жатқанда, қарсы келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей қойған.
- Ал қарсы келе жатқан көлік тоқтап үлгере алмай қалған, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.
Ал LADA Granta көлігінің жүргізушісі дәрігерге қаралды, оқиғаға кінәлі жүргізушіге әкімшілік айыппұл тағылды.