Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Оқыс апат алты адамның өмірін қиды

Кеше Семей-Қарауыл тас жолында Tоyota Corola мен Lada Priora көліктері бетпе-бет соқтығысып, оқыс апат орын алған

Адам өмірін қиған оқыс апат туралы хабар Абай аудандық полиция бөліміне 16.30-да түскен.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, шетелдік көлік тізгінінде 47 жастағы Қарауыл ауылының тұрғыны отырған. Ол Қасқабұлақ ауылынан Семейге қарай бет алған. Ал қарсы келе жатқан Lada Priora көлігінің тізгінінде Семей қаласының тұрғыны - 32 жастағы әйел адам отырған.

- ЖКО салдарынан алты адам көз жұмды. Оның ішінде жасқа енді толған нәресте де бар. Түрлі жарақат алған тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.

Апатқа кім кінәлі екені анықталу үстінде. Апатқа қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Следующая →