Өскемендегі оқыс апаттың мән-жайы анықталды
Кеше кешкі уақытта Қазақстан көшесіндегі Пушкин кітапханасы алдындағы жаяу жүргіщнілер өткелінде оқыс апат орын алған
LEXUS RX 300 көлігінің 20 жастағы жүргізушісі дер кезінде тежегішті басып үлгермей, 40 жастағы азаматты қағып кеткен.
Полиция қызметкерлері анықтағандай, апат Қазақстан көшесіндегі №118 үй маңында орын алған. Көлік Мызы көшесіне қарай бет алған көрінеді.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға жеткізілген жаяу жүргінші көз жұмды, - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.