Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
ЖКО бүгін Аблакетка ауданында орын алды. Оқиға орнында полиция қызметі жұмыс істеуде
№25 жолушылар автобусы мен "Волга" көлігі "Гидросталь" аялдамасы маңында соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі автобусты басып озамын деп, жол-көлік оқиғасын тудырған.
Апат нәтижесінде жолаушылар көлігі жолдан шығып кеткен. Сонымен қатар, жеңіл көлік те зақымданған. Абырой болғандай, екі көлік ішіндегі адамдар да аман.
Нақтыланбаған ақпараттар бойынша жеңіл көлік жүргізушісі мас көрінеді.
Оқиға орнында полиция қызметі жұмыс істеуде. Нақты ақпарат кейінірек мәлім болады.