Алматыда "102" қызметінің жұмысы жақсартылуда
Алматы ІІД жедел басқармасы орталығында неліктен "102" қызметіне қоңырау шалған тұрғындар оператор жауабын ұзақ күтуге мәжбүр екенін атап өтті
"102" қызметінің операторы әңгімені үзуге құқығы жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Бұл қағиданы полицияны шақыруды қажет етпейтін азаматтар қолданатын көрінеді. Олар өмірге налыған, психикалық тұрғыдан әлсіз, қолдау қажет ететін егде жастағы азаматтар мен күйеулеріне өкпелі әйелдер екен. Халықтың осындай тобымен сөйлесіп отырған операторлар көмекке шын мәнінде мұқтаж жандарды күттіруге мәжбүр.
- Азаматтар бұл қызметті құзырына кірмейтін сұрақтармен жиі мазалайды. Тіпті, операторлардан заңгерлік кеңес сұрайтын да адамдар кездеседі. Оператор хабарласқан кез келген адамды тыңдап, түсіндіруге міндетті, - дейді Алматы ІІД ЖБО басшысы, полиция полковнигі Андрей Квашин.