Кәмелеттік жасқа жетпеген "жүргізуші" үш жасар баланы қағып кетті
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 16 жастағы қыздың анасы оған көлік басқаруға өзі рұқсат берген
Жол оқиғасы кеше 17.00-де Өскемен қаласының сол жақ жағалау маңында болған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Кеше сағат 16.30 шамасында 2020 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім "Киа Рио" көлігінің рөліне отырып, артқа жүрмек болған. Осы кезде рөлге ие бола алмай тротуар бойында кетіп бара жатқан үш жасар баланы қағып кеткен. Бала аздап жарақат алған, "Ана мен бала" орталығына жеткізілді, - дейді Өскемен қаласы ІІБ баспасөз хатшысы Әсел Әміренова.
Қазіргі уақытта полицейлер аталған факті бойынша соталды тергеу жұмыстарына жасауда.