Өскемендегі ІІМ ардагерлерінің саяжолы тазаланды
ЖМК ауданындағы Уәлиев пен Карл Маркс көшелері қиылысындағы саябақта сенбілік өтті
Ішкі істер министрлігі ардагерлерінің саябағы ұзақ уақыт тазаланбай бос жатып қалған еді. Саябақтың іші қоқысқа толып, арам шөптер қаптап кеткен. Ал "Жасыл ел" жастары Қазақстан Полициясы күніне орай, бұл саяжолды тазалап, қалпына келтірді.
- Бұл маңды тазалауға 30 жасақ "жауынгерін" әкеліп отырмыз. Олар бір күн бойы тазалау жұмыстарын жасады, - дейді "Жасыл ел" штабының басшысы Ерасыл Махмутов.
Қазіргі уақытта "Жасыл ел" жасағында 100 шақты өскемендік жастар мен жасөспірімдер жұмыс жасауда.