Екібастұзда жол апатына себеп болған мас мұғалімге қатысты сот үкімі шықты
Құқыққорғау органдары қызметкерлері хабарлағандай, әйел мұғалім рөлге жүргізуші куәлігінсіз отырған
Екібастұз қаласында орта мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды zakon.kz. Кейін белгілі болғандай, әйел мұғалім көлікті мас күйінде ғана айдап қоймай, қолында жүргізуші куәлігі де болмай шыққан.
Көлік аударылып, ішінде отырған жолаушы аурухана түсіп, қайтыс болған.
Азаматша сот залында тұрғанда, өз кінәсін толықтай мойындаған. Ал көз жұмған әйелдің туған-туыстары да күдіктіні жақтаған.
- Бақилық болған келіншектің ағасы күдіктімен бала кезінен құрбы-құрдас болып, жақын араласқанын айтады. Туған-туыстары күдіктіні кешіріп отыр, - дейлінген хабарламада.
Судья оны 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, 7 жыл жүргізуші куәлігінен айырды.