Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Мас жүргізуші жол ернеуіне соғылып, қарсы жолаққа шығып кеткен

Түнде Өскеменның Бурова көшесінде екі жол-көлік оқиғасы болды

Түнгі бір шамасында өскемен қалалық №2 емхана маңында Тойота Vista көлігіндегі 23 жастағы қала тұрғыны жол ернеуіне соғылып, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Оқиға куәгері полицияға хабарласқан.

- Алдымен дөңгелектердің бір түрлі дыбысы шыға бастады. Аңдап қарасам, ақ көлік мінген жүргізушінің Өскемен вокзалына қарай қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанын көрдім, - дейді қала тұрғыны. - Жолдың тайғақтығына байланысты ғой деймін, жүргізуші басқарудан айырылып, жолды бөліп тұрған ернеуге соғылып, қарсы жолаққа шығып қалды. Бірден 102 каналына хабарластым.

Куәгердің айтуынша, көлік жүргізушісі өзін біртүрлі ұстаған.

- Шайқалып шықты да, капотын ашып қарады. Полиция келгенде өзін дөрекі ұстай бастады, - дейді ол.

Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, жас жігітті медициналық тексеруден өткізу үшін облыстық наркодиспансеріне алып барған. Сараптама нәтижесі жігіттің жеңіл деңгейде алкогольді ішімдік ішкенін көрсетті. Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол үш жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айрылуы мүмкін. Іс деректері сотқа беруге дайындалуда. Тәртіп бұзушының көлігі айыппұл тұрағына жіберілді.

Екі сағат бұрын дәл осы ауданда ақ шетел көлігінің жүргізушісі артқа қарай жүремін деп бөгетті қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалса да, бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір полиция жүргізушіні іздестіруде.

Следующая →