Өскеменде автобус жанып, жолаушылар қорқып қалды
Оқиға бүгін таңертең болған
№27 маршрут автобусы Конденсатор зауыты маңында өтіп бара жатып өртенген.
- Автобус жана бастады, ал жүргізуші көліктен түсіп, аккумуляторын ажыратты. Жолаушылар далаға шығып, не болғанын түсіне алмай тұрып қалды. Баласы бар аналар көп болды. Шофер көлікті жөндеп біткенше, жолаушылар далада тоңып тұрды, - дейді куәгерлердің бірі.
Ал Өскемен қалалық жолаушылар тасымалы басқармасы орталығы автобустың өртенбегенін, тек тұтанғанын айтады.
- Автобустың майы коллекторға құйылып кеткен. Соның кесірінен тұтанған. Өрт болған жоқ. Жүргізуші көлікті жөндеген соң, жолаушылар автобусқа қайта отырды, - дейді орталық директоры Владимир Панков.
Ал куәгерлердің айтуынша, автобустағы жолаушылардың көбі қайта оған отырмаған. Басқа маршруттың автобустарына отырып кеткен.