Согра кентіндегі жылыжайда өсірілетін қиярдың бағасы өсті
Жылыжайдағы қиярлар қазірдің өзінде пісіп, жинауға дайын тұр
Осы аптаның соңына таман жинала бастамақ. Ал ақпан айында сауда орындарына жеткізіліп, наурыз айынан бастап сатыла бастайды.
Алайда биыл қиярдың бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда қымбаттау болмақ. Бұған аяз себеп. Өйткені аязды күндері жылыжайдағы температураны ұстап тұру шаруаларға қиын, тек шығын әкеледі.
- Баға, шынымен де, көтеріледі. Өйткені жылыжайды күнзід-түні жылытып тұруға көп шығын кетті. Алайда оның бағасы қанша болатындығын әлі айта алмаймыз, - дейді жылыжайдың бас бухгалтері Жанна Жұмаділова.
Айта кетейік, жылыжайда қияр 5 гектарға егіледі. Жылыжайдың іші бос емес. Өйткені мұнда көкөністер маусым сайын отырғызылады. Алдағы уақытта қызанақ егілмек.