Оңтүстік қазақстанда ықшам автобус «Камаз» арбасына соғылды
Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында ықшам автобус жүк көлігіне соғылып бір адам қаза тапты, тағы жеті адам зардап шекті
Өткен түнде Алматы-Термез тас жолында 33 жастағы «Старекс» ықшам автобус жүргізушісі туысқандарының тойынан қайтып келе жатып, басқарудан айрылып, «Камаз» автокөлігінің артынан соғылған.
Автоапат нәтижесінде облыстық ауруханаға түрлі жарақаттармен жүргізуші және жеті жолаушы жеткізілді. Олардың ішінде 7 және 13 жастағы екі бала бар.
Кейін зардап шеккен 1981 жылғы жолаушы ауруханада көз жұмды.
Қазіргі уақытта ЖКО фактісі бойынша соталды тергеу жұмыстары жүруде.
Следующая →