Шымкентте мас жүргізуші бесінші сынып оқушысын қағып кетті
Он жасар қыз бала мас жүргізуші қағып кеткеннен кейін, ауруханада көз жұмды
30 тамыз күні, полицияғы Шымкенттің еңбекші ауданында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарландыру келіп түсі, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 1966 жылғы Шымкент тұрғынының мас күйінде "Ваз-21102" автокөлігімен келе жатқанда, басқарудан айрылып, 2007 жылғы бесінші сынып оқушысын қағып кеткенін анықтады.
ЖКО нәтижесінде он жасар қыз алған жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасында көз жұмды.
Медициналық куәландыру қағазы бойынша «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «орта деңгейдегі алкогольдік мас күйінде» болған.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Следующая →