Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Соңғы аптада бес адам суға батты

Мамыр айының соңғы аптасында облыстың бес азаматының ажалы судан келген

Құтқарушылар тұрғындарға өздерінің және балаларының өміріне жауапкершілікпен қарап, шомылу маусымы басталар шақта қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырады.

Тіпті, шомылу маусымы ашылмай жатып өңірде суға бату оқиғалары жиілеп кеткен. Бұл құтқарушылардың алаңдатушылығын тудыруда. Мамыр айының соңғы онкүндігінің өзінде облыстағы су қоймаларына түрлі себептермен бес адам батып кеткен. Олардың ішінде бес және екі жасар балалар да бар. Бүлдіршіндер суға шомылу барысында үлкендер қараусыз қалдырған.


ШҚО ТЖД бапасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мамыр айының соңғы аптасында құтқарушылар жеті адамды аман алып қалған. Суға батып кетуі мүмкін деген тағы төрт азамат әлі табылмаған.

- Ыстық күнде, тіпті, жүзе алмайтындардың өзі суға шомылуға құштар. Азаматтар көбінесе су қоймасын, оның тереңдігін, қаупі жайлы ойланбайды. Мәселен, Үржар ауданы Қазымбай ауылының тұрғыны дәл осылайша Ақтоғай өзенінің мұздай суына жабдықталмаған орында түсіп, суға батып кетті, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар су қоймаларына демалысқа шығуды жоспарлаған тұрғындарға тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді. Көңілді демалыстың соңы қайғылы аяқталмауы үшін арнайы жасақталып, дайындалған орында шомылған абзал.



Следующая →