Облыста алты балықшы мұзда көз жұмды
Құтқарушылардың айтуынша, қыста балық аулайтын тұрғындар мұздағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды
Өскемен ТЖ қызметінің мамандары қысқы балық аулуға рұқсат етілмеген жерлерде рейд жүргізуде. Бұл шаралардың басты мақсаты – су айдындарында болатын қайғылы жағдайлардың алдын алу.
- Балықшылармен әңгімелесіп, қауіпсіздік ережесін сақтамаудың салдары неге соқтыратындығы туралы ескертіп, жадынама таратамыз, - дейді Өскемен қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Валентин Литвиненко. – Алайда, азаматтар «Мұздан өтуге болмайды!» деген белгіні көре тұра, өз өмірлерін қауіпке тігеді.
Айта кетейік, Өскемен қаласында қайғылы жағдай жыл басынан бері орын алмаса да, облыс бойынша алты адам көз жұмған.