«Турист» қонақүйі жанында жасөспірімді көлік қағып кетті
Өткен жұма күні жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 жасар жасөспірім ауыр бас сүйек жарақатын алып, жамбасы сынған
Өскемен қаласы ІІБ мәліметтеріне сүйенсек, қыз бала реттелмейтін жаяу жүргінші жолынан өткен.
- «Тойота» маркалы көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіге жол бермей, қағып кеткен, - деп хабарлайды қалалық ІІБ баспасөз қызметі. – 17 жасар қыздың бас сүйегі зақымданып, жамбас сүйегі сынған.
Адам денсаулығына зардап тигізген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер, тәртіп бұзушының кінәсі толық дәлелденетін болса, оған айыппұл салынады. Тіпті, бас бостандығынан айырылып немесе екі жылға дейін қамауға алынуы да мүмкін.