Суға батқан автобустағы балаларды тұрғындар құтқарды
Өткен күннің кешінде экскурсиялық автобус жырадан құлап, 14 адам зардап шекті. Апаттың орын алуына себеп болған жағдайлардың қатарында қолайсыз ауа райы болуы мүмкін
Түркияның оң түстігінде балаларға толы мектеп автобусы суландыру каналына құлады. Апат салдарынынан 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері.
Ақпарат бойынша мектеп автобусында оқушылардан бөлек, мұғалімдер және ата-аналар болған.
Бұл экскурсиялық автобус Османие қаласына бағыт алған болатын. Автобустың құлауынан 14 адам қаза тапты. Олардың алтауы балалар. Сондай-ақ, тағы 26 адам апат салдарынан түрлі жарақаттар алған. Қазіргі уақытта жол апатының себебі анықталуда. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.