Полиция көлігі қаққан жігіт көз жұмды
Шымкентте екі жеті бұрын полицейлер қағып, ауруханаға түскен азамат көз жұмды
Фото:
voxpopuli.kz
35 жастағы жігіттің туыстары енді оның өліміне кінәлілер заң алдында толық жауап беруін талап етуде.
Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен Өзбекстандық азаматты қуып жүріп, жол полициясы жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан Ерсайын Әбілевті қаққан. Осыдан кейін апат орнына жиналған халық полицейлермен шекісіп қалған болатын. Қазір үш полицей жұмыстан шеттетіліп, ал көлік тізгініндегі 29 жастағы сержант тіпті өз еркімен жұмыстан кетіпті.
Олардан қашқан Приора жүргізуішісі де табылғанымен қазір бостандықта жүр. Ал, бас сүйегі сынып, миы шайқалған Ерсайын Әбілев ақыры беті бері қарамай көз жұмған.