Семей қаласының автоәуесқойлары салық төлеуден бас тартып отыр.
Семей қаласының тұрғындары көлікке салық төлеуден басатуын сұрап отыр
Фото:
7palat.kz
Жолдардың барлығы бұзылған. Тіпті орталық көшелерінің жағдайы апатты жағдайда тұр
Нарлыбек Қанағатов экстрималды көлік жұргізуді ертеде ақ жанына серік еткен. Әрбір жұмысқа барған күні қауіп-қатерге толы, тіпті басып озудың өзі мүмкін емес. Жолдағы шұңқырлар санауға және айналуға келмейді, деп хабарлайжы «КТК телеарнасының сайты»
-Мен түсінбеймін, жол жоқ жерге біз неге салық төлеуге тиіспіз? Мысалы мен, бұдан былай төлегім келмейді. Біріншіден жолды жөндесін, содан кейін салық жинасын деді, - Нарлыбек Қанағатов.
Әрбір жүрілген жолдан кейін жүргізушілер көліктерін тексеруден өткізеді. Көліктің кейбір бөліктері шыдамайды екен. Семей қаласының әкімі де сол жолмен жол талғамайтын көлікпен жүретінін жүргізушілер кесіп айтты. Әрине жөндеуге де уәде берген. Бұл көшеге бір жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ бұған сенудің өзі қиын дейді. Әділетсіз жөндеудің схемасы жыл сайын бір қалыпта қайталануда. Бірақ билік өкілдері «қулыққа» таң қалумен қарайды.
-Олар құжаттарын ұсынады, шынына келгенде ол құжаттардың ешбірі жарамсыз. Бүгіннен бастап ескерту жариялаймын, ол компания енді бұл жұмыспен айналыспайды, - деді Семей қаласынң әкімі Ермак Салимов.
Осы жылы Семей қаласының жол жөндеуіне 700 миллион теңге бөлінген. Бірақ коммуналдық қызмет көрсетушілер 400 миллион сұрап отыр. Шыныменде бұл қаржы жеткіліксіз. Тіпті кейбір жолдар 20-30 жыл жөнделмеген.