Қазақстанның астанасындағы өрт жалыны тыншыды
ҚР Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі өрттен зардап шеккендер жоқтығын, ал тілсіз жаумен күрес жүріп жатқандығын хабарлады
Тілсіз жаудың беті қайтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кеше 21.09-да өрт оқшауланды, өрттің жалпы ауданы 80 га құрады, - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
21.25-ке дейінгі уақыт бойынша Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар тікұшақтарымен 40-тан астам рет жалпы көлемі 150 тоннаға жуық су төгілді.
Елордалық өрт сөндірушілердің 143 адамы және 21 техникасы, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару жуғыш машина, 1 трактор және "Астана орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік,дүйсенбі күні таңертең Астана маңында құрғақ қамыс өртене бастаған. Жалынды қатты жел өршітіп, оны сөндіруге шалшықты жер кедергісін келтірген.