Ирандағы жер сілкінісінде бес адам көз жұмды
6,1 баллдық жер сілкінісі Иранның оңтүстігінде Хормозган провинциясында сенбі күні түнде болды
Хормозган провинциясындағы жер сілкінісінен бес адам қаза тауып, 39-ы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.
Бірінші дүмпуден кейін 33 афтершок болған, олардың ең қуаттысы - 6,3 магнитудалы.
Жер сілкінісінің эпицентрі Хормозгандағы Бендер-Ленг қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 61 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі 10 км.
Қазіргі уақытта жерасты дүмпуінен 5 адам қаза тауып, 39-ы зардап шеккен.
Еске салайық, бұған дейін Иранда қуаттылығы 6 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.