Алматыдағы Сайран су қоймасынан ішек таяқшасы анықталды
Алматыдағы Сайран су қоймасында ішек таяқшасы көбейіп кеткен. Енді суды ағызып, түбін тазалау керек
Фото:
Устинка LIVE
Бұл туралы қалалық төтенше жағдай қызметі мәлімдеді, деп жазады 24.kz сайты.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша лак-позитивті ішек таяқшасы нормадан асып кеткен. Көлдің суын ағызуға 3 күн кетеді. Мамандар алдағы күндері суға түсуге болмайтынын ескертеді.
Айта кетейік, былтыр жазда шомылуға тыйым салынған жерлерде 4 адам суға кеткен. Биыл шомылу маусымы басталғалы бері 11 алдам құтқарылды. 17 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Тақырыптар:
Водохранилище Сайран Загрязнение воды Кишечная палочка Департамент санитарно-эпидемиологического контроля Алматы