Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағай ауданында екі альпинист қаза тапты

Кеше сағат 10.00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Мұзтауда төрт альпинист қар көшкінінің астында қалды деген ақпарат түскен

Происшествия в Казахстане и мире / Двое альпинистов погибли в Катон-Карагайском районе
Фото:
ДЧС ВКО

Апат салдарынан екі адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы, екіншісі 1988 жылы туған Ресей Федерациясының азаматтары. Сондай-ақ, 1990 жылы туған азамат зардап шеккен. Енді бірі аман-есен.


Тау шатқалына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағаның құтқарушыларымен «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп қаза болғандарды бортқа шығарған. Ал жарақат алған ер адамға апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

3000 метр биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемесіне бірнеше рейс жасаған.


ШҚО ТЖД таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:


- Маршрутқа шығар алдында ТЖ қызметінде тіркелу қажет. Мұнда сіз маршруттың ерекшеліктері, бақылау уақыты және байланыс сигналдары туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз.

- Ыңғайлы киім мен аяқ киімді таңдауға байыпты болыңыз.

- Өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек заттардың ішінде: жылы заттар, ұялы телефон үшін қосымша қуат көздері, шам және от жағуға арналған құралдар болуы керек. Сондай-ақ, GPS навигаторын өзіңізбен бірге өткізген жөн.


Жорықта:


- Қозғалыс үшін ұзағырақ болса да, ең қауіпсіз маршрутты таңдау керек
- Қозғалыс басталар алдында ықтимал қауіптерді мұқият бағалау, ауа-райы жағдайларын және кедергілердің ықтималдығын ескеру қажет
- түрлі кенеттен болатын жаүдайларға дайын болу қажет және қауіп кезінде уақтылы сақтық шараларын қабылдау керек
- Тек топпен қозғалу керек
- Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек
- Қауіпті жартасты жерлерден өтпеңіз. Бос жатқан тастармен беткейлер мен ойықтарға өтпеңіз.


Следующая →