Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да өткен демалыс күндері 150-ден астам өрт басталды

Өртенген шөптің жалпы ауданы шамамен 2 мың шаршы метрді құрады, бұл отты абайсыз пайдаланудың салдары

Происшествия в Казахстане и мире / Более 150 пожаров начались в ВКО за прошедшие выходные
Фото:
ДЧС ВКО

Мемлекеттік өрт бақылау органдарының қызметкерлері полицейлермен, орманшылармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп рейдтер жүргізе бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 312 адамнан тұратын 44 топ құрылды. Бөлімшелердің міндеттері: заңбұзушылықтарды анықтау және басталған өртің өршуіне жол бермеу.

Қазірдің өзінде 20 профилактикалық рейд жүргізілді. Нәтижесінде құрғақ шөпті өртегені үшін екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Профилактикалық әңгімелесулер мен рейдтік іс-шаралар, өкінішке қарай, өңірдің барлық аумағын қамти алмайды. Тек өткен демалыс күндері ШҚО-да 150-ден астам өрт шықты.

Семейдегі Мирный саяжай қауымдастығы аумағындағы 8 үй мен 6 шаруашылықтың қора-жайы өртенген. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 1000 шаршы метрді құраған жалынды ауыздықтады. Барлығы 40 адам мен 11 техника жұмылдырылған. Ал Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында шөп жанып, от 4 жер үй мен 3 гаражға тарады. Көп ұзамай аумағы 400 шаршы метрге жеткен өрт өшірілді. Жалын қоқыс жағу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан шыққан, – деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі.

Биыл Төтенше жағдайлар бойынша департамент қызметкерлері 20 профилактикалық рейд жүргізді. Нәтижесінде далада шөп өртеген 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото:
ДЧС ВКО
Следующая →